Өлілер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өлілер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1220
(аударма)

Өлім, қаза...
Қыршын кетті қанша менің достарым,
Осы ма еді бұл жалғаннан тосқаным?
О, тәңірім,
азаппенен өлгендерін көрсеткенше олардың,
жақсы еді ғой жүрегімді
қанжарменен осқаның.
Қайран менің достарым...
Испан халқы ақыным деп еміренген Мигельді,
(жалындаған жүрекпен ол елін, жерін сүйген-ді),
Федерико ер еді ғой, ер еді ғой...
Солардың
көздері мен тілдеріне темір шеге түйрелді.
Қалай ғана соны көріп сыя алармын үйге енді?
Гүл еді ғой екеуі де, құдайым-ай, бүр ашқан,
үзілгенін көріп сонда сорлы халық жыласқан.
Тірі күйде жанған отқа лақтырғанда екеуін
қалай ғана шыдап түрды Жерге түспей бұл аспан?
Иә, иә, қанішерлер сол ерлерді жоқ қылды,
(мен байғұстың жанарымда өшігу мен от тұрды).
Ойыншығы суға кетсе, жылаушы еді сәби де,
ал мыналар асылдарды көрмеді ғой доп құрлы.
Испан жері қан сасыды,
арыстандардың өлігімен шыбындарды жемдедік,
қанға қанмен жауап берер қалған да жоқ елде ерік.
Қанға бөгіп тірі қалған жандары да шарасыз,
өліктердің арасында жүр әйтеуір сенделіп.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлілер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Өлілер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлілер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлілер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері