Қарғыс – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қарғыс» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1796
(аударма)

Отаным, саған ант етем:
от жанарыңа қан тұнған,
күл-талқан мынау калпыңнан
арылар бір күн туады,
туады нұр Күн шуағы.
Аштықтан өзек үзілген,
бүгінгі жадау жүзіңнен
кетеді қайғы тұманы,
далаңда бидай тұнады.
Әйтеуір сол күн келеді,
жүрегім соған сенеді.
Ал бүгін қолға балта алып,
ізінен басқан кан тамып
тынышын бұзған жан-жайдың
жексұрындарды қарғаймын!
Шұбырып келіп жат елден
нан мен бақыт орнына
көз жас пен қайғы әкелген
көр соқырларға мың қарғыс!
...Келер-ау бір күн құртар күш...

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарғыс өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қарғыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарғыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарғыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері