Саяхатшы

Бұл бетте «Саяхатшы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1332
(аударма)

Теңіз кездім, ел кездім жағаларда,
Көзім тіктім көрмеген қалаларға.
Қайда барсам жоқтық пен аштық көрдім,
Болады олар өмірде жала барда.
Енді көрдім коңырқай адамдарды,
Көргені ылғи теңсіздік жаралғалы.
Тас қопарған шаң жұтып шөл далада,
Мұнай іздеп жер бетін тарамдады.
Тұрдым біраз Бирмада ән тынбаған,
Мұнаралар алтынды жарқылдаған.
Тереземнен соғатын самал желге
Кеудемді ашып кештерге салқындағам.
Сан көзімен қадалып қарар аспан,
жұпар менен қоңсы иіс араласқан
түнгі ауада тұрушы ем мен де үңіліп,
бұл иіске үйренген бала жастан.
Тағы да ұқтым мен сорлы қара басып,
жамандық мол тірлікте араны ашық.
Бұл әлемде әділет жауыздықпен
жүреді екен ылғи да жағаласып.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саяхатшы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Саяхатшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саяхатшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саяхатшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері