Менің партияма – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Менің партияма» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1145
(аударма)

Танымайтын жандарды туысқан қып жібердің,
Қайнар көзін сен бердің қайрат пенен жігердің.
Отанымды қайтардың быт-шыт болған кезімде,
Бостандық деп талпынтқан бөледің бір сезімге.
Мейірім мен махаббат отын жақтың жаныма,
Сен үйреттің ешқашан дақ салмауды арыма.
Жауыздықтың, бірліктің түсіндірдің не екенін,
Адалдық пен адамдық сен көрсеттің мекенін.
Алып келдің сен мені шындық атты аралға,
Халық деген - үйреттің - тірек барын адамда.
Жау болуды үйреттің зұлымдыққа, зорлыққа,
Мақсат үшін күресте болатынын қорлық та.
Жалын бердің сен маған, жанам енді, сөнбеймін.
Бұл өмірде сен барда, мен ешқашан өлмеймін!

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің партияма өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Менің партияма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің партияма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің партияма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері