Теңіз жағасындағы кемпірлер

Бұл бетте «Теңіз жағасындағы кемпірлер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1127
Шәлілерін жамылып
алайын деп кәрі ойлардан арылып,
келіп олар жағасына теңіздің,
отырады сосын үнсіз қамығып,
Отырады жалғыз-жалғыз құнысып,
кеткенін де елемейді күн ысып,
«ештеңе де қызықтырмайды оларды:
үнсіздік те, көшкен бұлт та жылысып,
Теңіз болса толқындарын атқылап
тыншымайды шапқылап.
Мейлі айнала алабұртсын, ән салсын
барлығы да кемпірлерге жат бірақ.
Өңшең ару ақ маңдай
кемеменен жүзіп бара жатқандай
ақ айдынның қиырлары қызықтырмай ешбірін,
кеме үстінде мұңға бәрі батқандай.
Олар үшін не бар мынау өмірде,
медеу болар көңілге?
Түпсіз теңіз, жағалаудың самалы,
сосын-сосын тек өздері жалғыздықтың төрінен
көз салады айдынға,
бәрі бірдей: қуаныш та, қайғың да.
Ей, өмір-ай, құлазыттың көңілді
кәріліктің қара өрмегін жайдың да!
Олар, міне, ашылмастан қабағы
әлсіз басып үйге қайтып барады.
Ал теніздің арсыз, тентек толқыны
секіреді шуға бөлеп жағаны...

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңіз жағасындағы кемпірлер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Теңіз жағасындағы кемпірлер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңіз жағасындағы кемпірлер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңіз жағасындағы кемпірлер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері