Қаршыға алып – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қаршыға алып» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1021
Жылқы айдаймын көшкенде, ай, қаршыға алып,
Тал құрығын қолыма, ай, аршып алып.
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,

Ей!
Бір тал үкі шекеме шаншып алып, ай.
Ау! А, ай! Ау!
Қаршыға алып, ай.

Жылқы айдаймын көшкенде кер кекілмен,
Ауық-ауық аймалап жел бетімнен.
Шырқата көш-жөнекей ән салғанда,
Қыздың жаны шаттанып тербетілген.

Жылқы айдаймын көшкенде жиренменен,
Жал-құйрығын жаратып түйгенменен.
Кісіге кісі жары жар болмайды,
Құрбысынып, құр ойнап күлгенменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаршыға алып өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Қаршыға алып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаршыға алып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаршыға алып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері