Сарыарқа – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сарыарқа» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 8157
Саржайлауым менің,
Ән жайлауым менің.
Жан жайлауым менің,
Беу-беу, Сарыарқа!

Қайырмасы:
Аққу аңсап қонған
Ақ маңдай көлдер.
Сал самалы саумалдай болған
Мақпалдай белдер.
Бал бұлағы есіліп аққан, оу, Сарыарқа,
Арғымағы көсіліп шапқан, оу,
Аңыз дала,
Абыз дала,
Қобыз дала, Сарыарқа!
Қасиетті төрім:
Кер биігім,
Жез киігім,
Шер-күйігім, Сарыарқа!

Кең бесігім менің,
Көл-көсірім менің,
Сенде сырым менің,
Беу-беу, Сарыарқа!

Қайырмасы:
Жаралғандай нұрдан
Қыздары – арман.
Қарағайдай қасқайып тұрған
Ұлдары – қорған!
Боз жусаны омырау қаққан, оу, Сарыарқа,
Бозторғайы қоңыраулатқан, оу,
Аңыз дала,
Абыз дала,
Қобыз дала, Сарыарқа!
Қасиетті төрім:
Кер биігім,
Жез киігім,
Шер-күйігім, Сарыарқа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері