Мен көрдім ұзын қайың құлағанын
- 0
- 11
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Бұл бетте «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті:
— Аллаға, сорлы, неден жаздың? — депті.
Торғайға да майысып солқылдайсың,
Жел бүлк етсе, тебесің әлпеншекті.
Қорасына бір байдың
Түнде кірді ұрылар.
Қазынасы қайда сондайдың,
Аңдығыш, білгіш құрғырлар.
Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек,
Бой жеңбек, ер жігітке, ғақыл таппақ.
Тағдырын көрушінің хақтан біліп,
Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап.
Менсінбеуші ем наданды,
Ақылсыз деп қор тұтып.
Түзетпек едім заманды,
Өзімді тым-ақ зор тұтып.
Ақбота
Керемет өлең екен!
Аяжан
өте күшті өлең
улбосын
Мағыналы өлең екен
әділ
өте өте керемет
Ернұр
керемет Абай өлеңдерінің ішіндегі жеңіл мағыналы туынды
Aizada
оте кушти олен жаттап алдым 15 минутта.Абайдын 175 жылдыгына айтамын.
Бегәділ Арайлым
Өте керемет өлеңдер.Абай атамыз керемет өлеңдерді өзінің ұрпақтарына мұра қылып қалдырып кетті
Бегәділ Арайлым
Өте керемет өлеңдер.Абай атамыз керемет өлеңдерді өзінің ұрпақтарына мұра қылып қалдырып кетті
итачи
магынасы керек еді
Айжан
Өте керемет
Айжан
Өткен мағыналы
Айжан
Өтте мағыналы
Нұрбол
Бұл өлеңді оқып шыққанда жүрегімде ерекше әсер қалды. Абайдың ойы терең, әр жолында өмірдің мәні мен адамның тағдыры туралы философиялық ой бар екенін сездім. Өлеңдегі “Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?” деген сөздер адамзаттың қасіреті мен өмірдің өткіншілігі туралы ойлануға жетелейді. Мұндай шығармалар қазақ поэзиясының құндылығын, сөз өнерінің күшін әдемі көрсетеді. Рахмет!