Арман – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Арман» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 1
  • 3902
Атқан таң, шыққан күндей жайнап алдан,
Дариға, алтын дәурен қайда қалған?
Айналған айдын көлді жалғыз аққу –
Адасқан абайсызда қайран арман!

Қайырмасы:
Ахау, жалған,
Арман, арман,
Аққудың көз жасындай көлге тамған,
Жанымды тербетесің шерге толған!

Жастық шақ нөсерлетіп тез басылған,
Көшкен соң қайта оралмас өз басыңнан.
Аңсатқан, ару дүние, айналайын,
Мөлт етіп тұна қалған көз жасыңнан!

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Алдияр

Қандай жүрекжарды сөздер! Сөз маржанын жарқыратып тізгенде тікелей жүрегіңнің ең алыс түкпіріне жетеді ау!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері