Күзгі өсиет – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Күзгі өсиет» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1297
(аударма)

Матильдам менің!
Тыңдағын мені, таң нұрлым:
қуаныш-күлкі, қайғымның
сыбаға-сыйын тағдырдың,
сәулесін, нұрын Ай, Күннің –
бәрін де саған қалдырдым.
Бір саған менің құмарым
теңіз ғой қимас жағаны.
Күн жетіп көрге кұлармын –
сезімім сенде қалады.
Қалдырдым саған, қимасым,
лаулаған махаббатымды.
Сол болсын менің мирасым
қалдырған саған ақырғы.
Мен үшін туған, жыр үшін
жалғызсың, жаным, жалғанда.
Түстіктің нәзік гүлісің,
тәттісің ыстық наннан да.
Көкірегің толы күміс үн,
пәк жаның таза ардан да.
Жаралғансың сен, жарқыным,
ылғи бір әсем әуеннен,
Жүргенде мұң боп әр түнім
өзіңді тапқам әрең мен.
Сәбидей сонда балқыдым
аналық төстен нәр емген.
Таба алмай шыдам жарты күн
мен ергем саған, ән ерген.
Қиялда көріп, алтыным,
іздегем сені әлемнен,
іздегем сені бар елден.
Біздің жер мынау қашаннан
қайғы мен шерден қан жұтып,
көзіне талай жас алған,
тұмансыз атар таң күтіп.
Осынау жерге қатерлі
естілген ылғи жұтаң үн,
нұр бейнең сенің әкелді
орманның інжу жұпарын,
шыршаның жасыл бұтағын,
көктемнің мөлдір жаңбырын,
талма түс шақтың бар нұрын.
Сен келдің, жаным, жарқылдап,
жаралған ба едің, таң-нұрдан!
Бағым боп келдің, алқымдап
тартысып алған тағдырдан.
Айым боп тудың алдымнан,
гүлім деп тердім шалғыннан.
Әйтеуір мені арылттың
жалғыздық салған бар мұңнан.
Сен жеңдің мені, арманым,
махаббатыңмен құлап тым.
Ерніңнен сездім бал дәмін
сарқылмас мәңгі бұлақтың.
Сездім мен атар таң барын,
құштарлық билеп гүл аттым.
Сүйіктім, сенің бар денең
туған жер сынды тәтті екен.
Екеуің барда зарлы емен, -
тартпайды жұмақ - жат мекен.
Жақындап кетсең жаныма,
сеземін иісін шалғынның,
сеземін иісін сан гүлдің.
Кеудеңнің жұпар бағында
қалдырсам екен енді не?
Күз келді,
Қауіп таңғы ызғар...
Жете алмастаймын бақытқа.
Жапырақтарды жалғыздан
Түсіріп жатыр уақыт та...
Сен болсаң менің жырымды
отырсың қарап жерінбей.
Жазғанымды да бұрынғы
қарайсың қайта ерінбей,
өткіздің талай түніңді
таңғы ұйқыдан да жеңілмей.
Егерде маған өмірде
кездеспей кетсең, асыл жан,
сәуледей нәзік саусағың
сипамаса егер шашымнан
күн кешер едім жабырқау,
қалпыммен мұңды, ашынған.
Мына мен байғұс жүрер ем
қаңғырып қайда, қай жақта?
Жылусыз, жалғыз түнер ем,
япырау, қандай аймақта?!
Автобустарда жол үсті
ауырып-сырқап қалар да ем.
Табынтқан мені, о, күштім,
не айтам, енді саған мен?!
Өзіңмен жүріп жыладым,
өзіңмен шалқып күлдім мен.
Сарқылмас мәңгі бұлағым,
аспаным мәңгі Күн күлген!
Ынтыққан екі жүректі
бақытпен матап байладың,
Мендегі қайғы-түнекті
лақтырдың.
Сонда жайнадым,
ырзамын саған сол үшін!
Борыштымын ғой мен саған
шабытты жыр мен ән үшін,
сенімен атқан таң үшін,
өмірдің барлық мәні үшін,
қарызбын саған бәрі үшін,
Матильдам менің!

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі өсиет өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Күзгі өсиет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі өсиет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі өсиет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері