Әр жан әр түрлі – Сәбит Дөнентаев

Бұл бетте «Әр жан әр түрлі» атты Сәбит Дөнентаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2015
  • 0
  • 0
  • 5714
Талай кәрі жорға жүр,
Ақаулы боп зорға жүр.
Іліне алмай жарысқа,
Кейбір жүйрік орда жүр.
Кейбір сұңқар тауда жүр,
Томағасы жауда жүр.
Дұшпандарды аңдыған,
Тұзақ құрып ауда жүр.
Кей тырналар көкте жүр,
Қиқу салып текке жүр.
Қара қарға қарқылдап,
Өлексені жеп те жүр.
Құрық сорып борсық жүр,
Түлкі мырза жортып жүр.
«Құдай аман сақта» деп,
Қой мен тауық қорқып жүр.
Тышқан аңдып мысық жүр,
Алдап көзін қызып жүр.
Ін таба лмай саршұнақ,
Сорлы сасып, пысып жүр.
Кей мырзалар серпіп жүр,
Қарны шығып шертіп жүр.
«Сен солайсың» дегенге,
Тырс-тырс етіп дертіп жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әр жан әр түрлі өлеңінің авторы кім?

Сәбит Дөнентаев — осы өлеңнің авторы.

Әр жан әр түрлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әр жан әр түрлі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Дөнентаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әр жан әр түрлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері