Бұл бетте «Жолдан таю» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кездейсоқ болған хандардан,
қарадан, жампоз жандардан,
желмаядай жортқан жалғаннан
әділдік іздеп шаршадым,
басылмай қойды аңсарым.
Қабырғаларды қарманып,
сызатты сәуле деп алданып,
сүрініп, сарсаң сандалып,
үмітімнен білтелі шам жағып,
дарияға кетті сан салым,
сөнуге таяу жан шамым.
Сөзіме, жалған, құлақ түр:
әділдік деген – сынап бір,
сырғытсаң, солай құлап түр.
Өзімшілдікке шұнақ құл,
қара басына келгенде,
әділдігі тайғақ баршаның.
Ақиқат үшін күресіп
жалғанмен, адам-шерменде,
жүргенмен табан тіресіп
өз жайың, қамың, мансабың
әділетке жолды берген бе?
1994
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі