Сиқыр сөзбен арбасаң – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Сиқыр сөзбен арбасаң» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 2
  • 16898
Сиқыр сөзбен арбасаң,
Табиғат басын иеді.
Кәрленіп кімді қарғасаң,
Қатесіз оғың тиеді.
Нұрыңды түгел жасырсаң,
Жаралыс кебін киеді.
Өлшемей шектен асырсаң,
Көз шағылып күйеді.
Өлшеп жібер нұрыңды,
Білсін асық түріңді.
Бір-бірлеп аш сырыңды,
Соныңды көңілің сүйеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Нұрсұлу

Неге сиқыр туралы мақалдар жоқ

Myrza

Өте керемет

Осы автордың басқа өлеңдері