Анаға хат
Бұл бетте «Анаға хат» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өткен шақтан кешегі,
Ұмытылмас із көрем.
Иə, Анашым, өмірде,
Қарыздармын сізге мен.
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Мəпеледің балаңды.
Бұл өмірде таппадым,
Сіздей қамқор адамды.
Бейнет көріп мен үшін,
Тəлім бердің тек түзу.
Бұның бəрін мүмкін бе?
Сөзбен айтып жеткізу.
Ұйықтардың алдында,
Кəлиманы үйреттің.
Иман етіп Аллаға,
Мұсылмандық күйге өттім.
Оқу жылы басталып,
Таяған да сабағым.
Көйлегімді бүтіндеп,
Шалбарымды жамадың.
Туған кезде басыма,
Төсек тартып жатар күн.
Жедел жəрдем шақырып,
Дəрігерге апардың.
Əлемдегі ең ыстық,
Баға жетпес мекен-той!
Жаны іңкəр Ананың,
Алақаны екен ғой.
Иə, Анашым, тұрса да,
Қабағыңа талай мұң.
Көз алдымда күлімдеп,
Жүргеніңді қалаймын!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі