Абайды іздеу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Абайды іздеу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1916
Абай аға!
Биікте ме – қайда жүр аруағың?
Құлағыңа жете ме шағым-әнім?
Көкті кезіп іздер ем – жерде мені
шырмап қойды шырғалаң шаруа мың.
Жердің беті балшық пен былық әлі,
жол табады жылпос пен ұры-қары.
Жұртың даңғой әм надан баяғыша,
мәз болады бірі-бірін жығып әлі.
Алтын шапақ шашпай тұр қырдың таңы,
аяқты алшаң басқанға құлмын тағы.
Саған дерт боп жабысқан ел тірлігі
бүгін менің жанымды шыңғыртады.
Жылымшы өмір жанымды құлазытты,
талмап-талмап тауыстым жыр-азықты.
Құдай емес, кісіден келген жұттан
шөлге айналған жерімнен құлан ықты.
Ашсам деген жұрт көзін қыран едің,
мерт еткенде сені де құба жерім,
ел етем деп тыртыңдау не тәшіме
керек екен десеңші мына менің!
Қалқиды әнің – рухыңның кептері ме,
ұстаймын деп әуремін текке, міне.
Дарыныңнан, ойыңнан бермей, маған
тек дертіңді жұқтырып, кеткенің не?
1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайды іздеу өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Абайды іздеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абайды іздеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абайды іздеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері