Шындық
Бұл бетте «Шындық» атты Сайын Назарбекұлы жазған шындық туралы өлең берілген.
Шындық-діңгек, өмірге тіреу ме еді?
Білімділер - ол жалқы, біреу дейді.
Бірақ соның отына, бұ не ғажап,
Біреу тоңып жаураса, біреу күйді.
Болама әлде созуға шынды мына,
Сәйкес етіп, әр кісі, ындынына?
Содан барып ұры да, барымташы,
Сүйене ме өзінің шындығына?
Мүмкін бе, шын, шынында біреу емес,
Шындыққа ұқсас ондаған жүре ме елес?
Мүмкін, әркім, өзінше шындығы бар,
Сондықтан да өмірде кілең егес?
Алматы. 14.10.1994 ж.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі