Өзім туралы
Бұл бетте «Өзім туралы» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Уызымен анамның ауыздандым,
Бес жасыма жеткенше телі емгенмін.
Ағанікі түбегім, шүмегім де,
Әкем соққан бесікке бөленгенмін.
Бойым өсті жан анам сүтіменен,
Аңызына атамның қанығып ем.
Әр мақалдан халқымның құтын емем,
Ана тілмен әлемді таныдым мен.
Мойындаймын, дарқандық, сараңдығын,
Қабыл алдым жақсылық, жамандығын.
Сүйем тіпті аңқаулық, арамдығын,
Солай деуге жетіпті шамам бүгін.
Ана тілсіз, ата-салт — кереңдерім,
Мен ғұрпымды білдім де, еленгенмін.
Сұрамадым емізік, тер — емгенім,
Мен елімнің өзімен кемелдендім!
Жидебай. 24.04.1995 ж.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі