Құлагер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Құлагер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1648
Құдайбергенге

Халқына өнерімен шырай берген,
жолы да жөні бөлек былайғы елден,
қазақта аты әйгілі бір жігіт бар,
ол – біздің Құдайберген!
Асылын ел сүймесе, жат ұға ма,
сүйеді ел: жас пен кәрі, әкім, ана.
Күледі жылап тұрып күллі қазақ
шыққанда Құдайберген сахнаға.
Күлместі күлдіретін, жылататын,
адалдық, мәрттік көрсе гүл ататын,
биіктеп былықтар мен лай-жерден.
Әзілмен дөкейлерді сұлататын,
ол- біздің Құдайберген!
Ойсыз ер, мисыз бала, кердең келін,
жағымпаз сұм басшыға сенген керім,
сатқандар қалтасы үшін ел мен жерін
қымсынар "берсе еді,- деп,- құдай жәрдем!"
шыққанда сахнаға Құдайберген.
Аралдың әлдилеген құба белі,
ардақтап аялаған қыран елі,
сахна өнерінің Құлагері,
қазақтың маңдайына Құдай берген
жасай бер, айналайын Құдайберген!
1997


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері