Мен үшін қымбат сөздер

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Мен үшін қымбат сөздер,
Отан, Ана, Жер.

Отаным алтын бесігім,
Отанымды мақтан етемін.
Отансыз адам тұл жетім,
Қанатсыз құс дер едім.
Отаным мен сені сүйемін,
Өзіңде еркін жүремін.
Көкірегімді кең ашып,
Мақтанышпен паш етемін.

Ана деген асыл сөз,
Төріміз ешқашан болмасын бос.
Аяла анаңды алақанға сап,
Әлпештеп барыңды аузына тос.
Жұмақтың кілті ананың аяғының астында,
Анаңды дұшпанға тастама,
Алмасын су тасқында.
Анаң бар да сен батырсың,
Бас имейсің жауға да.

Жерім менің байлығым,
Жатыр бар элементі Менделеевтің.
Батысым мақтансын мұнайымен,
Шығысым тау - кенімен,
Оңтүстік бау- бақшасымен,
Солтүстігім ну орманымен.
Ғажап сөз ғой жерім деген,
Жаса мәңгі туған өлкем.

Отан, Ана,Жер,
Мен үшін қымбат сөздер.
Қадалмасын тіл мен көздер.
Тәуелсіздік туы желбіресін,
Ұрпағымыз өсіп өнсін,
Жете берсін жас буынға бабалардың ерлігі,
Қазақ елі тарихы мен шежіресі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен үшін қымбат сөздер өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Мен үшін қымбат сөздер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мен үшін қымбат сөздер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен үшін қымбат сөздер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.