Дос іздеп келем, жарқыным
Бұл бетте «Дос іздеп келем, жарқыным» атты Фариза Оңғарсынова жазған достық туралы өлең берілген.
Дос іздеп келем, жарқыным,
өткіздім талай жалқы күн,
ажырасқанымды қия алмай
қайғысын қанша қарпыдым…
білмеймін неге - әйтеуір достықтарымның
бас жағы – шаттық, арты – мұң.
Өзгелеу сезім, ісім кей,
көп жандар содан түсінбей…
құбылмас сезім маған жат
балшықтан соққан мүсіндей;
достығым да менің қиындау
тағдырымның көрінісіндей.
Иілмегенге асқақпын – тұрам оқшаулау
кісілігімнен кішірмей.
Талайлар менен түңілген,
менің де сонша риза болған күнім кем;
дос болу үшін жүрегім ылғи жүгінген
сүюі керек мені ол жан
қырсықтық кемістігіммен,
(келіспе, мейлің, мұныммен!)
Тағдырым осы – қиын де,
қастерле, мейлің иілме.
Тау кезген тағы жылқыдай
қосылмай тобыр-үйрге
өтем-ау деймін өмірден тегі дос іздеп
шарқ ұрған осы күйімде!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі