Қоштасып талай доспен – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қоштасып талай доспен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1832
Қоштасып талай доспен
қайғының таттым дәмін.
Көңілімнен арай көшкен
дос көріп жаттың бәрін.
Аңдысар, сөз санасар,
көрсетіп күш, салмағын,
қастасқан достан асар
болмайды дұшпандарың.
Ақыл-су, шақша – басым,
сынасып сыр алардай:
сезбеймін ақ-қарасын,
жақсылап құлап алмай.
Жылаймын сосын тұрып,
шайнаймын бармағымды.
Кеудемде өшім тұнып,
барлаймын жан-жағымды.
Кеуде – ыза, көзімде – кек,
өкінем, тым жүдеймін.
Бар кінә өзімде деп
жанымды тілгілеймін.
Бел буам бұл жайды енді
кешпеуге өмірімде.
Ал, оның, жырдай мәңгі
менімен жолы бірге.
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері