Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң» атты Фариза Оңғарсынова жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1576
Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң
қайғыдан аласұрдым, сүріндім мың.
Еш пенде шыдамастай қылығыммен
сендерді қаншама рет түңілдірдім.
Азабын тартуменен күншіл күннің
шаттанар сәттерде де үнсіз күлдім.
Опасыздарға деген кек-ызамды
сендерге төгіп қанша күрсіндірдім…
Кейде, рас, қыңыр мінез, сыңаржақпын
(сонда да еркелеттің, бұлаңдаттың).
Сендерді ренжіттім біле тұра,
соныма қаншама рет жылап жаттым…
мен жұртқа ұнасам деп тырыспадым
(ойсызбен мүмкін емес ұғыспағым).
Шындықты көлгірсімей көзіне айттым,
сол үшін кезеді әркім қылыштарын.
Мен болсам, ызаландым барлығына,
жұрт маған қимай ма деп таңды мына.
Күрсінсем күлімдеді кейбіреулер,
тек сендер ортақ болдың зар-мұңыма.
Әйтеуір сендер мені тастамадың
(шынында арналса да басқаға әнім!).
Ешкімнен сескенбеймін.
Тек сендердің
осы бір ниеттеріңнен жасқанамын.
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері