Шынымды айттым – сенбеді
Бұл бетте «Шынымды айттым – сенбеді» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шынымды айттым – сенбеді,
құлап жаттым – келмеді.
Жаға алмайтын жақсыға
жаман болдым жердегі,
надан болдым елдегі,
не аңғалдық мендегі?
Ақымақ боп көрінер,
ақыл-ойым кем бе еді?
Ашу-ыза кернеді,
өзіме-өзім жау болып,
алқымдағым келгені.
Қанша тырысқаныммен,
жалғандықтың шеңгелі
маған көңілін бермеді.
Күн кешемін тірлікте
қайықтайтын сеңдегі.
1986
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі