Теңеулер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Теңеулер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1370
Мағына бар киіз үйдің әулетінде (көрінгенмен өң-әрсіз әлдекімге). Түндігінен аспанға бір-ақ самғап шарықтайды күйлер де, ән де түнде.

Керегесі астасып қара жермен,
қара құйын алса да жаға, жеңнен
тапжылмайтын халықтай, мықтылығы
қамалдарға ұқсайды дала керген.
Сап түзейді уықтар сынға қыңбай, ажырамас, жарылмас Күн жарылмай,
мезгіл-шаңға бастырмай, халқы аялап
төбесіне көтерген ұлдарындай.
Шаңырақ пен уықтың мықтылығы -
керегенің бақыты, құт тұғыры;
дауыл соқсын түнімен - үй-әлемнің
түндігінен тағы да шықты күні!
Дөп-дөңгелек әлемдей мұнда бәрі,
желбаулары бұрымдай ырғалады.
Бұрыштар жоқ тұйыққа тірейтіндей.
Жер мен Аспан.
Жүректе - құндық әні.
1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері