Ішімдегі ойларды тот басуда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ішімдегі ойларды тот басуда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1516
Ішімдегі ойларды тот басуда,
оны аршитын ешкімім жоқ қасымда.
Жарқылдатып шуақтай шашар едім –
мен де, олар да түсеміз отқа, суға:
ойы жоқтар ойлыға үкім айтып,
шеттерінен шебер-ақ оттасуға.
Жырақ шығып күнделік құр дүбірден,
жарқылдайын ойыммен – шындығыммен.
Мұңсыздықтан адамзат кердеңдейді,
көмкерейін жан отын мұң жырыммен.
Ақиқаттың әуезін естіген жұрт
сырт айналсын алдамшы былжыр үннен.
Өткіншіге, ойланбай, құр алданып
жүргендері өзімді сынар да анық.
Мезгілдердің тотынан ойды аршымай
болмайды екен отырсам құр арбалып.
Қасаң тартқан тірліктің көк қоржынын
түбі, әйтеуір, шындығым шығар жарып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ішімдегі ойларды тот басуда өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ішімдегі ойларды тот басуда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ішімдегі ойларды тот басуда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ішімдегі ойларды тот басуда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері