Ақ түн – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ақ түн» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1946
Түн – құйрықты жұлдыздай
жарқырайды нұрына малындырып,
қол бұлғайды Невада ағын күліп;
жүрегімнің дүрсілін тыңдайтындай
бар табиғат елтиді жанымды ұғып.
Шынар қала,
ақ айдын – көз алдымда,
көңілімде – шөл дала, Нарын, құдық…
Ертегі әлем – айналам:
бағандары, көпірі, шамы, бағы…
Бұйрат құмдар – жүректің сағынары,
жатаған үй жапанда
шыңыраудың
тас тамшысын таңдайға тамызады.
Жатыр менің шөлейтті, құмды далам
жанын шарпып түндердің аңызағы.
Түн – сезімнің сыралғы жеңгесі ме,
сүйрелейді, қоймайды ермесіне,
кенет, ғажап, алдымда төрт арғымақ
тағы салды тұлпарлы елді есіме!
Нева қалқып барады көк жүзінде,
іліп алып бұлттарды кеудесіне.
Жасыл ағаш. Сан көпір. Мәрмәр баған –
бәрі таныс секілді, таңданбағам.
Қайда, қашан көріп ем таң ғаламды?
Қиялыммен бұрын да шарлағам-ды,
сол әлемім шығып тұр алдан маған!
Бала күнгі кезімнен дәл осы бір
көріністі далама армандағам.
Көз алдымда – аппақ түн, көңілімде –
жұмыр жердің төсінде жанған далам.
1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ түн өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ақ түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері