Біздің мынау даланы-ай! – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Біздің мынау даланы-ай!» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1402
Біздің мынау даланы-ай!
Өзен, өріс жағалай,
талдары да – қарағай;
бала біткен ақылды
көпті көрген ағадай,
ауылы да қаладай,
қыздарының жамалы – Ай,
Ақынының бәрі – Абай.
Өрлері де қыраттай,
көлдері де сынаптай,
шыңдары да шаншылып,
өзеніне құлапты Ай.
Селеуі де құрақтай,
құлындары құр аттай,
таба нандай Күні де
күйдіреді шыдатпай.
Естіледі алыста ән,
құсы Күнмен табысқан,
адамдары елгезек
жылдарменен жарысқан;
заводтардың түтіні
ғарыштан да әрі ұшқан;
қалалары ғажайып,
хабар алған ғарыштан.
Жайлаулары жайқалған,
біздің дала – Бақстан!
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің мынау даланы-ай! өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Біздің мынау даланы-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің мынау даланы-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің мынау даланы-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері