Жаман үйдің қонағы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жаман үйдің қонағы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1376
Жолаушыны қарсы алып,
күтіп-бақтық қонақтай.
Үй тазалап шаршадық,
шыбын-шіркей жолатпай.
Мен бұрышқа қамалдым,
күтемін деп әлгіні.
Езуінен баламның
жырып бердім дәмдіні.
Төрді соған арнадық,
тыныш бөлме – жатқаны.
Балаларым сандалып,
жатар орын таппады.
Кетсе еді ғой аз қонып,
жатып алмай бір апта.
Мен отырмын мәз болып,
екі езуім құлақта.
Қоңданайын деді ме –
көтеріліп шоқтығы,
қапелімде еліне
кететұғын жоқ түрі.
Үйіндей-ақ балдыздың
билеп-төстеп барады.
Қожамыздай дәл біздің
жұмсап келін-баланы.
Немереме зекіріп,
берекені кетірді.
Үйімізге жеті жұт
қоса келген секілді.
Атамызға қадірлі
"Әй" дейтіні басталды.
Мұжығындай кәдімгі
бәрімізді жасқады.
Енді қайттік? Ол әлі
көз алартар қосыма.
"Жаман үйдің қонағы
билер" деген осы да!
Құрметтеген салтым не
кез-келгенді төре деп.
Жарбаң қағып әркімге…
өзіме де со керек!
1988


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаман үйдің қонағы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жаман үйдің қонағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаман үйдің қонағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаман үйдің қонағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері