Ұмыттың ба, жан еркем
Бұл бетте «Ұмыттың ба, жан еркем» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 16.10.2024
- 0
- 0
- 1037
Көктем келді тауларға,
Таулар гүлге оранды.
Балғын жүзді бауларға
Құстар қайта оралды.
Жасыл желек жамылды
Баяғыдай бар өлкең.
Бауыр басқан тауыңды
Ұмыттың ба, жан еркем?!
Біреу дұзақ салды да,
Қалдың ба әлде жат жерде?
Ақ қанатың талды ма,
Қондың ба әлде ақ көлге?
Құста бүгін көңілді,
Баяғыдай бар өлкең.
Бауыр басқан жеріңді
Ұмыттың ба, жан еркем?!
Көк сағымды жамылып,
Қырға шығып жүрсің бе?
Кездесетін тағы бір
Күнге асығып жүрсің бе?
Күтіп жатыр бауларың,
Күтіп жатыр бар өлкең...
Сені іздейтін жан барын
Ұмыттың ба, ақ еркем?!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі