Көктемім едің
Бұл бетте «Көктемім едің» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 17.10.2024
- 0
- 0
- 1048
Көріп ем балауса көктемде,
Бөктерге балғын нұр төккенде.
Аспанға қараушы ек қиылып,
Аққулар әндетіп өткенде.
Жанарың мөлдіреп, көрінсең,
Жаныма таң нұрын төгуші ең.
Мәңгілік жалыным едің сен,
Мәңгілік жарығым едің сен.
Ақ нұрым, бал күнім жоқ менің,
Өзіңмен қоштасам деп пе едім.
Қайырылмай кеттің бе біржола,
Қайдасың, балауса көктемім?
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі