Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей
Бұл бетте «Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей,
қара тас та елжіреп жібігендей.
Шындық үшін шыңғырған шыбын жаны
ұлы тұлға секілді мұңы жердей.
Сырт айналса, басқаша ісі мүлдем,
ісі түгілі өзгерер түсі бірден.
Көрсе адалды, аузында – қызғаныштан –
ит абалап, ішінде күшік үрген.
Көрінуге жақсы боп бұл арсыз жан
аттауға әзір қиналмай құран, тұздан.
Адалдықтың белінен басып өтіп,
құлатады да әлсізді құзар шыңнан.
Абзал, адал, көз арбар көрікті адам,
өз қамынан басқаға торықпаған.
Мен қорқамын осындай адамдардан,
Алладан да, ардан да қорықпаған.
1989
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі