Дүниенің бар өлшемі

Бұл бетте «Дүниенің бар өлшемі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1434
Дүниенің бар өлшемі
өлшеусіз нәрсе бар деме.
Керелендірер түбі ол сені –
араныңды ашпа әрнеге.
Улайды қарғыс көз-көре,
жебедей түзу жолы анық.
Жазықсыз жанды көздеме –
өзіңді түйрейді ол анық.
Жамандығың жұртқа істеген
кетпейді ауада жоғалып.
Сол қуат, сондай күшпенен
өзіңе келеді оралып.
Өлшеусіз болмас байлық та,
өлшеусіз сөз де, пиғыл да.
Тегін берді деп май жұтпа:
ақ тілегіңді сый қылма.
Жақсылығың үшін жасаған
қарымына сыйлық дәм етпе –
ниетсіз берген ас арам,
ішпе – түсесің әлекке.
Мақтама өзің өзіңді
жұрт айтсын жақсылығыңды.
Өмірде дана сөз – үлгі,
әлемдей өмір ғұмырлы.
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниенің бар өлшемі өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Дүниенің бар өлшемі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниенің бар өлшемі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниенің бар өлшемі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері