Жан бағу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жан бағу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1267
Заман дегенің қасқыр ма
сескенер қарулы арсыздан?
Зорлықтың табаны астында
адалдықты көріп жаншылған
жүрегім сыздап, қан ысып,
ашыған айрандай бұзылам.
Үстелдеріне жабысып,
жан баққандарға қызығам.
Орнынан тұрса құлардай –
алдарында тік жар – ұшпа тұр.
Кеуделерінен шыға алмай
адалдық атты құс жатыр.
Құнар қалмады қырымда,
заманның сең-сең мұзынан.
Келеді екен-ау шынында
жұтаған жұртқа жүз ылаң.
Қыл көпірде әлде тұр ма адам,
ойлана да алмай жұрт бұғар.
Құйын мінезді бұл заман
жан бақпағанды ықтырар.
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан бағу өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жан бағу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан бағу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан бағу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері