Мінез

Бұл бетте «Мінез» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 1
  • 3328
Адамдар-ай сыртынан жылтыраған,
сырты жылтыраса да, құлқы харам.
Сол шындықты бүкпесіз айтсам болды,
бар ғаламның төнеді бұлты маған.
Кешірмейді ешкім де мына жайды,
жамандығын бетке айтсаң, бұ да қайғы.
«Жұрттың бәрін жау етіп қайтесің», - деп,
жанашыр да өзімді кінәлайды.
Бұл мінезім көп жанмен егестірді,
сырттай жамандамаймын мен ешкімді.
Ал біреулер жылмаңдап қарсы келсе,
көзің тайса, өсектеп кеңес құрды.
Бірақ олар жақсылар санатында,
шындықты айтқан – мен ғана қара тырна.
Жақсымен де тіл тауып, жаманмен де,
жүрген адам – жұрт үшін дара тұлға.
Есі-дерті басының тұрмыс қамы
болса дағы, сырт көзге қызғыш бәрі,
үкім кесер өзгеге, өздерінің
бастан асып жатса да қылмыстары.
1987


Пікірлер (1)

Али

«Мінез» өлеңі өте мағыналы жазылған екен. Өлең жолдарында адамның мінезі, болмысы және өмірдегі қасиеттері туралы терең ой айтылғаны байқалады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінез өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мінез өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінез өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінез өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері