Еріп ессіз өлеңнің жетегіне – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Еріп ессіз өлеңнің жетегіне» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 806
Еріп ессіз өлеңнің жетегіне,
қыздырғаным шамалы шекені де.
Жырларымнан күлкі не ақыл күтпе –
менде әуелден жоқ соның екеуі де.
Ақыл аулап таң ата көз іле ме,
өзгелердің өтімді сөзі неге?
Менде ақыл жоқ еріккен жұртқа бөлер,
бір ақылгөй жетпей жүр өзіме де.
Бұл дүниеде бас бұзар бар арсыздар,
жүрек түгілі көргенде санаң сыздар.
Қуаттанам, күлем деп дәметпеңдер –
жырымды оқып жас бұлап қаларсыздар.
Шырайланып өмірдің өңі кенет,
шаттық болса, күлкі де төгілер ед.
Жердегілер – желөкпе, шаттығыңды
шынжырлапты, шыңғыртып қолын егеп.
Мақұрыммын айладан, күлкіден де,
болса шашу етер ем шіркін елге.
Жоқтауым бар, мұңым бар – жан дертіңді
жүрек жасын көзіңе іркіп емде!
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері