Кейбір ісім дұрыс та емес шығар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кейбір ісім дұрыс та емес шығар» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1961
Кейбір ісім дұрыс та емес шығар,
қылығым да көрінер егесқұмар.
Қайткенде де қанымда жоқ нәрсені
істеймін деп жайым жоқ кеңес құрар.
Сырығындай сыңарсыз көктеректің
қақиюмен көп жанды өкпелеттім.
Жаман көрсем – жасырмай, пайдам үшін
жоғымды бар, барымды жоқ демеппін.
Өкпелеткен шығармын жақсыны да,
мүмкін содан шықпадым бақ шыңына.
Жақсы болып көріну – мақсат емес,
ар аттамау – мен үшін басты мұра.
Жүргеніммен тайсалмай, асқақ ірең,
өмірде тек арымнан жасқанып ем.
Талпынбадым тақтарға, тыңдамадым
жүрегімнің үнінен басқаны мен.
Көзімді арбап алдағы арман-ағын,
тастарына соғылдым жар-жағаның.
Жүрек кейде жаңсақтау басқан шығар,
жүрегімді мен бірақ алдамадым.
Ішек-сілемді қатырып күле білдім,
қорсылдамай жыласам шын егілдім.
Қылмысым да бар шығар, ақпын бірақ
мен алдында арым мен жүрегімнің.
1988


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейбір ісім дұрыс та емес шығар өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Кейбір ісім дұрыс та емес шығар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейбір ісім дұрыс та емес шығар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейбір ісім дұрыс та емес шығар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері