Татумен тіршіліктің ащы зарын
Бұл бетте «Татумен тіршіліктің ащы зарын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Татумен тіршіліктің ащы зарын
өмірден кеткенде ерте жақсыларым,
жарамай жоқтауға да, жылауға да,
сағалап жүрдің бәрің басшы жағын.
Ере алмай алай-түлей ағымдарға
көшеде көсем жүрек жарылғанда,
жымиып жылысқансың,
«Асылым!» – деп
сөйлеуге бүгін құқың, арың бар ма?
Елемей елім деген ұланды ерен,
есіртіп жағымпазды қыран деп ең.
Жыққанда ойлыны орға қайсың болдың
«Ойпырм-ай, обал болды-ау бұған?!» – деген?.
Куәмін, маған аян бұрынғы әнің,
бас ұрып биліктіге жығылғаның.
Ел қамын жейтін жалғыз өздерің боп,
көсемсіп қалыпсыңдар бүгін бәрің.
Елім деп безегенмен жүйрік тілін,
ерсіген ерсілердің түйдік сырын.
Қылмыскер – ел қамы емес, өз қамы үшін
сойылын соғатындар биліктінің.
1994
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі