Атын жазбаған студенттің хаты және оған жауап – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Атын жазбаған студенттің хаты және оған жауап» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1111
1
«Сізді жақсы түсінеміз, ұғамыз,
Жырыңыз — бір байтақ жатқан құба дүз
екендігін
замандас та білмейді,
аға деген қаламдас та білмейді,
(біледі, тек күндейді)
оны ұғатын мына біз!
Сіз шыққанда, қол соқпаймыз жорта біз:
жырыңыздан толғандай боп ортамыз
отырсақ та,
қолды соқсақ дабырлап,
Сіз басқаша қабылдап,
жарамсақтар деп ойлар деп қорқамыз.
Жырыңызда — наркескендей өткірсіз,
түнектерді талқандайтын от Күнсіз,
пасықтықты мұрттай қиып ұшырар
өлеңіңіз — оқ тілсіз!
Жырыңызды оқуға, рас, жоқсыз Сіз.
Бірақ наз бар бізде де:
әйел жайлы көп жазасыз Сіз неге?
Ер ақындар өмір бойы бар күшін
салып соған,
әйелдерді паң мүсін
асқақтатып жазды шын.
Ал сіз неге әйелдерге құлайсыз?
Соларды айтып мұңаясыз, жылайсыз,
тебірентесіз жанды шын.
Бірақ Сізге біреуі әйел затының
айтты ма екен алғысын?
Ел деп соғар жүрегі,
әйелдің де, халқының да тірегі
ерлер жайлы гимн жазар ақынға
Сіз ғанасыз лайық!
...Өтінеміз —
көрмеңізші мұны айып!..»

II
Әйел маған Күн сыйлап, ғұмыр берген,
Отан берген осынау жұмыр жерден.
Бала десе балқыған жанымды ұғып,
маған қиып сыйлаған ұлын жеңгем.
Табыстырған мені әйел жан әкеммен,
мейірімін сол жанның дара көргем.
Мені сүйген, мен сүйген жандарымның
барлығын да өмірге ана әкелген.
Мені арқалап шығарған белестерге,
ажыратуды үйреткен елес пе, ел ме...
Жыр арнасам жанымнан
әйел көркін
қызықтау не мадақтау емес менде.
Ойламаппын мен шіркін миым сүрлеп
кепке ұнауды мақсат қып, қиын сын деп.
Жыр жазбадым жұрт жаппай қолын соғып,
алғыс айтып алдыма иілсін деп.
Армансызбын жыр туса жас тамардай,
ойы жоқ та ес кіріп жасқанардай.
Күн кешкем жоқ жүрсе де ел басқара алмай,
жазатайым біреуді жарылқаса,
алғыс күтер баяғы патшалардай.
Жыр-дертімді бұлдаман ешкімге де,
тіпті аударылмасын еш тілге де,
Жұқа жандар аурушаң жүрегіне
жырларымды жаратса бір еміне —
медеуім сол тұратын бес жүлдеге,
ұқпады деп қиналман тексіз неме.
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атын жазбаған студенттің хаты және оған жауап өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Атын жазбаған студенттің хаты және оған жауап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атын жазбаған студенттің хаты және оған жауап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атын жазбаған студенттің хаты және оған жауап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері