Кей ісің ойға салар мұң – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кей ісің ойға салар мұң» атты Фариза Оңғарсынова жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1018
Кей ісің ойға салар мұң,
өткенді шолсаң сағына.
Жақсылық жасау – адамның
нәр берер кейін жанына.
Мейірім етсең, тас жібіп,
жетімге түнде таң атар,
кезінде етпеген жақсылық
қылмыспен кейде пара-пар.
Қолыңнан келіп тұрғанда,
қасаңдығыңмен қарысып,
жақсылық етпей бір жанға
отырған болсаң жабысып,
кейіннен сені шымшылап,
тарылтар тыныс-деміңді,
төбет боп талап мың сұрақ,
береді сазай-еміңді.
Өтеді жылдар жасты үгіп,
бойда да қолда күш қалмай.
Жасалмай қалған жақсылық
ішіңді жейді тышқандай.
Түңілген жанға үміт – ем,
тұтата алмасаң – нашарлық.
Қайткенде сені жібітем,
адамдардағы қасаңдық?
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кей ісің ойға салар мұң өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Кей ісің ойға салар мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кей ісің ойға салар мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кей ісің ойға салар мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері