Қарсыз дала. Ызғырық
Бұл бетте «Қарсыз дала. Ызғырық» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қарсыз дала. Ызғырық.
Қара суық. Қатқақ жер.
Жүргізбейді түзде ұлып
маңдайыңнан жасқап жел.
Таяу қыста жұт бар ма –
қасқырлардан түршігем.
Көшіп-қонып бұлттар да,
аспанда да бір сүрең.
Суық сорып, жақ солған...
Қиял - жазғы бір күнің.
Сүр иісіне мас болған
түске енеді тірлігің.
Екі аттылы. Отар. Мал.
Әңгіме тек қыс жайлы.
Сең-сең тонды шопандар
бабаларына ұқсайды.
Шопан халқы мықты әлі,
бұдан асқан батыл кім?!
Мұздақ қатқан мұрттары
найзасындай батырдың!
1976
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі