Іңір – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Іңір» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1604
Іңір түсіп, қас қарайды,
күн бағыс – қыз шаш тарайды.
Шығарып тұр шашу шашып,
серуенге аспан Айды.
Жүзін көріп айнадағы
көлге үңіліп Ай қарады.
Бақа шулап
бастарына
көтереді айналаны.
Қарауытып майда қырат,
бұлақ кетті сайға құлап.
Жылқы алыста кісінейді,
үй маңында қой маңырап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іңір өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Іңір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іңір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іңір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері