Мұқағали — мәңгілік жыр! – Мәдениетқызы Ардақ

Бұл бетте «Мұқағали — мәңгілік жыр!» атты Мәдениетқызы Ардақ жазған поэзия туралы өлең берілген.

Поэзия рухы болған әлемнің,
Үлгі тұтар ақыны бұл көп елдің.
Асылына айналған бар өнердің,
Мұқағали — тәңір тауы өлеңнің.

Ұлылығы болған талай ұлының,
Сан есігін ашқан өнер қырының.
Поэзияға арнаған бар ғұмырын,
Мақатаев — рухы биік тұғырым.

Бала шағын қиындықпен өткерген,
Оқтарды да көрді жауған көктерден.
Поэзияны іздеп асу беттерден,
Біздер үшін төкті маңдай көп терден.

Өлеңдерің ұрпағыңа дарысын,
Бір өзіңді барша әлем танысын.
Бұл халықтың жасы менен кәрісін,
Таң қалдырған мәңгілік жыр әнісің.

Қазағымды поэзиямен таныттың,
Қабағыңда болса дағы алып мұң.
Сәулесіндей Күннен жеткен жарықтың,
Мұқағали — өшпес жыры халықтың!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері