Әженің жыры

Бұл бетте «Әженің жыры» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1778
Шанаға жектім шал жорға,
жарқылдайды тағасы.
Жарқылдаған жағасы
мынау кімнің баласы?!
Асқаржанның баласы,
айдай жігіт осы екен,
жақсылармен дос екен,
жамандыққа өш екен!
Көңілі жарқын қош екен,
Асқарбектің қарағы,
Гүлнарының жанары.
Қайдан іздеп табады
мұндай жақсы баланы!
Қазір ұйқтап қалады
әжесінің түлегі.
Тау жығады жігері,
менің күнім өскенде
шал жорға атқа мінеді!
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әженің жыры өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әженің жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әженің жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әженің жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері