Бұл бетте «Ананың әлдиі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мамық төсек салайын,
құшағыма алайын.
Қозым менің ұйқтасын,
арқасынан қағайын!
Бөпем менің қалғиды,
тербетті оны ән-жыры.
Бота, қозы, құлыншақ –
ұйқтап қалды барлығы.
Ай арбамен жетіпті,
Күн ұйқыға кетіпті.
Жұлдыз кіріп кетер деп,
қақпаларын бекітті.
Ормандар да қалғыды,
қорғандар да қалғыды,
сен де ұйқтап қала ғой,
анасының жан нұры!
Күнім ұйқтап қалыпты,
анасы әнге салыпты.
Ол түсінде ғажайып
ертек-елге барыпты.
Алтын алқа тағыпты.
1975
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі