Жұмыс – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жұмыс» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1846
Анам мені ертемен
оятады тұр-тұрлап.
Ұйқы тартып желкеден,
мен жатамын қыңқылдап.
Анам менің расында
түсінбесе не етемін:
Әжетайдың қасында
маған жақсы екенін?
Ұйқы деген досыммен
қоштаспасам дұрыс па?
Әкеме еріп сосын мен
кетем күнде "жұмысқа".
1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмыс өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жұмыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері