Бұл бетте «Қымыз» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаңа жеттік көкбазарға демігіп,
Бас қоймақшы ек сар қымызға емініп.
Басқа жерден табу қиын таңсық ас,
Қазық етіп алдымызға сені, үміт.
Шуы қалың ...
Болмақ емес жұмысым,
Біле-білсең қу тамақтың құлысың.
– Әй, балалар! Қымыз, қымыз! – деп бізге,
Бір келіншек ұсынғаны ыдысын.
Қолыма алдым «дәу» кесесін шөлдеп кеп,
Саңым ауған, тоймақшы едім мелдектеп.
Ұрттадым да жұтынбадым...
Амал не,
Ерініңді тигізіпсің сен де ептеп.
Қымыз, қымыз: былай алсақ – ас қана,
Менің ойым мұнда емес қой, басқада.
Көкелерім қолына алып жырымды,
«Татымсыз» деп, тастар ма екен, масқара...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі