Бота, тайлақ және мен – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бота, тайлақ және мен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1896
Кейде құлап қаласың
тәй-тәй басқан баладай.
Қорада асыр саласың,
Сүтке тойсаң, қомағай!
Тентек болып барасың,
айтқаныма қарамай.
Айтқан тілді алмадың,
ойынға да қанбадың.
Еміп-еміп мамаңды,
майланыпты сандарың.
Қорқып қалып өзіңнен,
жаныңа да бармадым.
Қандай жаман тайраңдап
тайлақ болып қалғаның!
Аузына келіп қораның,
Мен алақан соғамын.
Тентек тайлақ қарайды
"Кел,— дегендей,— қонағым!"
Былтыр ғана досым ең,
үркіп неге қарадың?
…Айтыңдаршы, осы мен
қашан тайлақ боламын?!
1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бота, тайлақ және мен өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бота, тайлақ және мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бота, тайлақ және мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бота, тайлақ және мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері