Бота, тайлақ және мен
Бұл бетте «Бота, тайлақ және мен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кейде құлап қаласың
тәй-тәй басқан баладай.
Қорада асыр саласың,
Сүтке тойсаң, қомағай!
Тентек болып барасың,
айтқаныма қарамай.
Айтқан тілді алмадың,
ойынға да қанбадың.
Еміп-еміп мамаңды,
майланыпты сандарың.
Қорқып қалып өзіңнен,
жаныңа да бармадым.
Қандай жаман тайраңдап
тайлақ болып қалғаның!
Аузына келіп қораның,
Мен алақан соғамын.
Тентек тайлақ қарайды
"Кел,— дегендей,— қонағым!"
Былтыр ғана досым ең,
үркіп неге қарадың?
…Айтыңдаршы, осы мен
қашан тайлақ боламын?!
1972
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі