Алақандағы жазу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Алақандағы жазу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2011
Үйде ертемен тып-тыныш,
тұрдым жайлап, тарандым.
Сосын алақаныма
атын жаздым анамның.
Мен қағазға жазбадым,
жазбадым үй жарына:
анашымның есімін
жаздым алақаныма.
Үйге толды адамдар,
шудан құлақ тұнады.
"Қолыңдағы немене?"-
деп барлығы сұрады.
Мен қолымды ашпадым,
лүпілдеді жүрегім.
Өйткені алақанымда
бақыт ұстап тұр едім!
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері