Ол оқушы бола ма?
Бұл бетте «Ол оқушы бола ма?» атты Фариза Оңғарсынова жазған білім туралы өлең берілген.
Самат деген бір бала
шалбарын да су жаңа
шаң-тозаңға былғайды,
көше кезіп зырлайды.
Төсегінен тұрып ап,
жуынбастан бұрын-ақ:
"Киімдерім қайда?"— деп,
жылайды екен, әйда, кеп!
Апасы іздеп соңынан,
дедектетіп қолынан –
тамақ іш деп сүйрейді,
сонда да үйге жүрмейді.
Бақшаға да бармайды,
сурет те салмайды.
Әріпті де түртпейді,
тек ойыны бітпейді.
Бір қылығы тым ұят:
жаман сөзге үйір-ақ.
Мектепке ертең ала ма
дәл осындай баланы,ә?!
1984
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі